"Өскемен-Рахман қайнары" тас жолы уақытша жабылады
"Өскемен-Рахман қайнары" тасжолындағы қозғалыс қар көшкіндерін алдын ала түсіру профилактикалық жұмыстарына байланысты уақытша шектеледі
24 желтоқсан сағат 10:00-ден бастап қар көшкіндерінің алдын ала түсіру бойынша жоспарлы профилактикалық жұмыстарды жүргізілуіне байланысты "Өскемен – Алтай – Үлкен Нарын – Катон-Қарағай – Рахман қайнарлары" республикалық маңызы бар тасжолы учаскелерінің 46-66 км Северное селосынан Серебрянск қаласына дейінгі бөлігінде қозғалыс уақытша жабылады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Шектеу автокөліктің барлық түрлеріне қолданылады. Осы учаскедегі қауіпсіздік пен бақылауды қамтамасыз ету үшін тәртіп сақшылары күшейтілген режимде қызмет атқаратын болады.
ШҚО ТЖД жолға шықпас бұрын осы ақпаратты ескеруді және сақтық шараларын сақтауды сұрайды!
Төтенше жағдай кезінде 112 нөмірі бойынша хабарлау қажет!