ШҚО-да келер жылы 7 мектептің құрылысы аяқталады
ШҚО-да "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында 3 мың орындық 7 мектептің құрылысы жүріп жатыр
Қазіргі уақытта облыста балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту 99,3%-ды құрайды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
ШҚО-да 2-3 жастағы 1912 бала балабақшадағы орынға кезекте тұр. Бүгінде 1948 орын ашылып, жыл соңына дейін тағы 25 орын ашылмақ.
Айта кетейік, облыста әлеуметтік жағдайы нашар отбасылардан 5 233 бала балабақшаға тегін барады.
Биыл облыстық бюджет есебінен Өскеменде "Нұрлы жол" шағын ауданында 600 орындық мектеп ашылды. Зайсан ауданында 300 орындық және Алтай ауданы Жаңа Бұқтырма кентінде 200 орындық мектептердің құрылысы аяқталуға жақын.
Сондай-ақ облыста офтейк-келісімшарттар шеңберінде 2025 жылы аяқталатын 1130 орындық 7 мектептің құрылысы басталды.