Алтайдың өсімдіктер дүниесі 11 томдық кітапқа арқау болды
Катонқарағай ұлттық паркінде "Қазақстан Алтайының флорасы" көптомдық кітабы жарық көрді
Өкінішке қарай, 11 томдық кітапта өсімдіктердің қазақша атауы жоқ. Себебі орыс және ағылшын тілдерінде ғана жазылған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Көптомды ғылыми еңбек авторы ұлттық парктің аға ғылыми қызметкері - Глеб Болботов.
Зерттеу жұмысының нәтижесінде "Қазақстан Алтайының флорасы" атты көптомдық еңбегінің алғашқы алты томы басылып шықты.
Жалпы бұл серия 11 томнан тұрады. Қазір тағы 5 том дайындалуда. Олармен келер жылдың басында бөлісеміз. Бұл еңбекте шамамен 1000-ға жуық өсімдік түрлері қамтылған. Олар шөлді аймақтардан бастап, мәңгі мұз құрсауындағы биік тау белдеулеріне дейінгі әртүрлі экожүйелерді сипаттайды,- дейді Қатонқарағай ұлттық паркінің аға ғылыми қызметкері Глеб Болботов.
Глеб Болботов 10 жылдам астам уақыт өңірдің әрбір түкпірін зерттеп, ғылыми еңбекке табиғаттың сан алуан байлығын тіркеген.
Кітап екі тілде жазылған - орысша және ағылшынша. Осындай құнды еңбекте өсімдіктердің атауы қазақ тілінде жазылмауы көңіл қынжылтады.