Өскемен
ясно
-20°
  • Өскемен
    -20°
  • Алматы
    -12°
  • Астана
    -11°
  • Ақтөбе
    -4°
  • Актау
    +7°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -13°
  • Көкшетау
    -12°
  • Қостанай
    -8°
  • Қызылорда
    -4°
  • Павлодар
    -16°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    -6°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    -5°
$
524.66
+2.17
550.21
+2.33
¥
72.02
+0.20
5.09
+0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да түлектер өңірдегі жұмыс берушілермен кездесті

ШҚО-дағы екі ірі жоғары оқу орнының түлектерін – С. Аманжолов атындағы ШҚУ мен Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-ды біріктірген ауқымды шара өтті

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да түлектер өңірдегі жұмыс берушілермен кездесті
Фото:
ШҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінен

Бұл кездесу жас мамандар үшін мансаптық бастама алаңы болып қана қоймай, түлектердің, мемлекеттік органдар мен жұмыс берушілердің байланысын нығайтты, деп хабарлайды Устинка LIVЕ тілшісі.

Түлектермен өткен пленарлық отырыста қала және аудан әкімдіктерінің өкілдері жастарға арналған "Дипломмен – ауылға!", "Ерікті өңіраралық қоныс аудару", "Жастар практикасы" мемлекеттік бағдарламалары жайында түсіндірді. "Серпін – 2050" және "Мәңгілік ел жастары – индустрияға" бағдарламаларының 171 түлегі жұмыспен қамту мүмкіндіктері, өңірлердің инфрақұрылымы мен даму ерекшеліктері туралы маңызды ақпарат алды.

Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылып, 500-ге жуық түлек жұмыс берушілермен тікелей танысты. Олар ШҚО-дағы кадрларға нақты сұраныс туралы, байланыс орнату және жұмысқа орналасу жолдары туралы ақпарат алды.

Бұл Марқакөл, Катонқарағай және Тарбағатай сияқты шекаралас және жаңадан құрылған аудандардағы кадр тапшылығы мәселесін шешуге де септігін тигізбек. Бұл өңірлерге жас, жігерлі және білікті мамандар қажет.

Следующая →