Өскемен
малооблачно
-11°
  • Өскемен
    -11°
  • Алматы
    -8°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +6°
  • Орал
    +2°
  • Қарағанды
    -7°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -4°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -10°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    -2°
  • Туркестан
    -5°
  • Шымкент
    -3°
$
522.63
-2.03
548.66
-1.55
¥
71.74
-0.28
5.07
-0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен қаласына жаңа әкімі тағайындалды

Шығыс Қазақстан облысы орталығының басшысы қызметіне Алмат Ақышев тағайындалды

Усть-Каменогорск и ВКО / Назначен новый аким Усть-Каменогорска
Фото:
пресс-служба акима ВКО

Ол бұған дейін Күршім ауданының әкімі болған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Жаңа әкімді Өскемен қалалық әкімдігінде өткен жиында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев таныстырды.

Облыс басшысы Күршім ауданының тумасы Алмат Ақышевтің басқарушылық тәжірибесі жоғары маман иесі екенін атап өтті. Ол экономика және туризм саласында қызмет атқарды, облыстық ТҮКШ және энергетика басқармасын басқарды.

Жалпы мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі 12 жыл.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев Алмат Ақышовтың экономика, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мол тәжірибесін ескеріп, оған облыс орталығының әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін дамытуды қамтамасыз етуде зор жауапкершілік артылатынын атап өтті.

Экология мен көшелерді жарықтандыру мәселелерін назарға ала отырып, қаланы одан әрі дамыту бойынша ұсыныстар әзірлеуді тапсырамын. Сонымен қатар, экономика, құрылыс, абаттандыру және әлеуметтік саладағы маңызды жобаларды аяқтау қажет, - деді ШҚО әкімі Ермек Көшербаев. - Туристік әлеуетті арттырып, облыс орталығының келбетін жақсарту үшін бизнес нысандардың бірыңғай дизайн-кодын енгізу туралы ұсыныстар дайындауды тапсырамын.

Сондай-ақ облыс әкімі қаланың маңызды әрі серпінді жобаларын жүзеге асыру үшін инвесторларды тартып, осы және басқа да тапсырмалар жөнінде тиісті жол картасын дайындап, тез арада бекітуге ұсынуды жүктеді.

Қала тұрғындары өз ауызбіршілігін көрсетіп, Өскеменнің өзекті мәселелерін шешуге белсене атсалысады деп ойлаймын, - деді Ермек Көшербаев.

Ал жақында ғана өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты Өскемен қаласының әкімі қызметінен кеткен Жақсылық Омар облыс әкімінің кеңесшісі болады.

Следующая →