Алтай ауданында көпбалалыларға арналған жер үйлер салынып жатыр
Октябрьский кентінде көпбалалы және әлеуметтік осал топ санатындағы отбасыларға арналған жаңа тұрғын үй құрылысы жалғасуда

"ЖЕЕБ" ЖШС мердігерлік ұйымы "Бір қабатты Шығыс" мемлекеттік бағдарламасы аясында екі пәтерлі тұрғын үй салу жобасын белсенді жүзеге асыруда, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Қазір құрылыс жұмыстары аяқталып, мамандар ішкі әрлеу жұмыстарын жүргізәп жатыр. Яғни, заманауи және жайлы үйлерде қоныс тойы тойланатын күн де алыс емес.
"Бір қабатты Шығыс" бағдарламасы қолжетімді және ыңғайлы баспана сала отырып, көпбалалы және әлеуметтік осал отбасылардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған. Осындай жобалар аймақты дамытуда және халықты қолдауда маңызды рөл атқарады.