Өскемен
ясно
-20°
  • Өскемен
    -20°
  • Алматы
    -6°
  • Астана
    -8°
  • Ақтөбе
    -9°
  • Актау
    +5°
  • Орал
    -4°
  • Қарағанды
    -7°
  • Көкшетау
    -10°
  • Қостанай
    -12°
  • Қызылорда
    -4°
  • Павлодар
    -7°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -6°
  • Туркестан
    -7°
  • Шымкент
    -2°
$
520.27
-1.33
537.65
+3.38
¥
71.75
-0.19
5.24
-0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемендіктерге "Қаныш және ғылыми" майдан кітабы таныстырылды

Облыс орталығына "Отбасы хрестоматиясы" жобасының авторы Санжар Керімбай келді

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскемендіктерге "Қаныш және ғылыми" майдан кітабы таныстырылды
Фото:
Тілеубек Шаяхметов

Шығыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ мәжіліс залында Санжар Керімбайдың "Қаныш және ғылыми майдан" кітабының таныстырылымын өткізді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

"Отбасы хрестоматиясы қоғамдық қорының" ұйымдастыруымен Санжар Керімбай мен Әйбек Нәбидің "Қаныш және ғылыми майдан" кітабы халқымыздың сүйікті перзенті, геолог-ғалым, минералогия ғылымдарының докторы, профессор, академик Қаныш Сәтбаев жайында сыр шертеді.

Қазақстандық баспа ісінде өрнектеп із салып, қоғамға түрлі кітаптар тарту етіп жүрген "Отбасы хрестоматиясы" жобасы биыл да өзінің белді туындысын ұсынып отыр. Сәтбаевтың 125 жылдық мерейтойына орай оқырманға жол тартқан кітапта ғалым Қаныштың болмысы, өмір жолы, ғылым жолындағы жанқиярлық ерліктері талданған. Бұдан бөлек, Сәтбаевқа байланысты "Отбасы хрестоматиясы қоры" баспадан алты кітаптан тұратын "Бала Қаныштың оқыған кітаптары", Тәкен Ораздың "Қаныштың жастық шағы", Ебіней Бөкетовтің "Жас Қаныш", Медеу Сәрсекенің "Қуғындалған Сәтбаев" атты кітаптары қайтадан басылып жарық көріп отыр. Бұның барлығы бүгінгі қазақ руханиятына қосылған үлкен үлес деп білеміз.

Кітап авторымен кездесуге облыстың зиялы қауым өкілдері мен белсенді жастар жиналды.

Шығыс жұртшылығына таныстырылып отырған бұл кітап ұлы ғалым рухына деген ізгі құрмет қана емес, Қаныштай ұлы тұлғаның ғұмырбаяндық шежіресінен сыр шертіп, өскелең ұрпақ бойында табандылық, іскерлік, қайсарлық, еңбекқорлық сынды жарқын қасиеттерді қалыптастырып, білім-ғылымға деген қызығушылықтарын арттыруға үлес қосады. Санжар Керімбайдың кітаптары қазіргі таңда қоғам мен отбасы тақырыбын, әсіресе ұлттық болмыс, дүниетаным мен құндылықтарды жас ұрпақ, орта буын санасына насихаттайтын тамаша туындылар. Халқымыздың өр тұлғасы Қаныш Сәтбаевтың еңбектерін насихаттап, ғылым және қоғамға сіңірген өмір жолын зерттеуге қосқан ерен еңбегі үшін алғыс білдіреміз. Кітап оқырмандары көп болсын, - деп тілек білдірген ШҚО мәдениет басқармасы басшысының міндетін атқарушысы Раушан Нұрмұханова кітап авторының иығына шапан жауып, ықылас гүлін ұсынды.

Тілеубек Шаяхметов

Кеш барысында Санжар Керімбай Қаныш Сәтбаевтың белгілі бір шешімдері мен іс-әрекеттерін түсіндіруде экзистенциалды талдау, онтология, логотерапия және феноменологиялық әдістерді пайдалану арқылы өзіндік ерекшелігімен танылған шығармасының жасалу тарихымен бөлісті.

Тілеубек Шаяхметов

Қазақстан қоғамында тұлғатану деген сала кенже дамып жатыр. Соған байланысты біз өскелең ұрпақтың санасында тарихи жадын тірілтіп, насихатталмай жүрген ұлы тұлғалардың ел үшін жасаған еңбегін дәріптеу арқылы насихаттап жүрміз. Мұның алдында, үш жыл бұрын "Бейсен және болмыс" кітабы шықты. Одан кейін Өзбекәлі Жәнібектің мұрасын тірілту мәселесімен айналыстық. Себебі елімізде мәдени майдан әлсіреп, жаңа буын өзінің төл мәдениетінен жеріп бара жатыр еді. Енді Қаныш Сәтбаевтың тұлғасын тірілту арқылы академия, ғылым, ғалымдардың командасы деген ұғымдар тірілді де, жастарға бұл серпін беріп жатыр. Кітапта жас Қанышты әкесі Имантай қалай тәрбиелеп, қалыптастырды, соны үлгі етіп көрсетуге тырыстық. Қазіргі уақытта ғылымды игеру жеңілдеді. Яғни, әдеп ғылымын меңгеріп, қазақи тәрбиені бойына сіңірген балалардың қазіргі интернет заманында әлемнің кез келген түкпірінен академиялық білімді тарта алатын күші бар. Сондықтан осы екеуін синтездеу арқылы жаңа бір толқын туғызсақ па деген арман, - дейді кітап авторы Санжар Керімбай.


Следующая →