Өскеменде Зайсан ауданының мәдени күндері өтіп жатыр
Кешке облыс орталығында "Заңғар Зайсан шақырады!" атты Зайсан ауданының көркемөнерпаздар ұжымдарының гала-концерті өтеді
"Туған жер – алтын бесігім" бағдарламасы аясында осы аптада Өскеменге Зайсан ауданының ауылшаруашылық тауар өндірушілері мен көркемөнерпаздары келеді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
"Мамандықтар жылына" орай Шығыс Қазақстан көпсалалы колледжі және "Зайсан" технология колледжі арасында кәсіптік маман даярлау бағытында "Шеберлік сағаттары" ұйымдастырылды. Одан өзге, Ұлы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында "КСРО-ның халық ұстазы" Құмаш Нұрғалиевтың 100 жылдығына орай, Қ. Нұрғалиев атындағы заң колледжінде зайсандық әуесқой ақын-сазгер Мәрияш Блеушованың арнау өлеңдері мен әндерінен студент жастар арасында мәдени-рухани кеші өтті.
Одан өзге, зайсандық спортшылар "Дарабоз" спорт клубында дзюдо спортынан шеберлік сағаттарын өткізді.
Ал кешкі сағат 18.00-де Шығыс Қазақстан облыстық филармониясында зайсандық өнер жұлдыздарының қатысуымен гала-концерт, ауданның ауылшаруашылық және өнеркәсіп өнімдерінің, тарихи жәдігерлері, қолөнер шеберлері, зергерлері, суретшілерінің көрмесі, ұлттық салт-дәстүрлер көрінісі ұйымдастырылады.