ШҚО-да 16 балық шаруашылығы бар
Олар 2 мың 200 тонна өнім өндіріп, ел бойынша ШҚО 4-орында тұр
Бұл көрсеткішті 2030 жылға дейін 10 мыңға дейін ұлғайту жоспарланған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Айта кеткен жөн, еліміздегі су ресурстарының 40 проценті біздің облыста.
Өткен ғасырда құрып кеткен бекіре тұқымдас балықтардың популяциясын қалпына келтіру қолға алынды. "OstFish" компаниясы жас бекірені жасанды бассейнде жетілдіріліп, қалыптасқан табиғи ортасына қайтаруда. Биылғы экологиялық акция аясында Қара Ертіске 23 мың бас сібір бекіресі қайтарылды, - деді ШҚО әкімі Ермек Көшербаев. - Форель шаруашылығын дамыту үшін Түркияның тәжірибесін зерттедік. Бұл ел әлемдік нарықтың 15%-ын қамтамасыз етіп отыр. Инновация енгілізіп, бизнес жауапты тұрде іске кіріссе, бұл сала өңірдегі агроөндірістік кешеннің драйверіне айналмақ.