Өскемен қаласына жаңа әкім қашан тағайындалады?
Бүгін ШҚО әкімі Ермек Көшербаев брифинг барысында облыс орталығына жаңа басшысы қашан тағайындалатынын айтты
27 қараша күні Жақсылық Омардың қала әкімі қызметіндегі өкілеттік мерзімі аяқталған болатын. Содан бері қала әкімі лауазымы бос тұр, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің Өскемендегі көшпелі брифингінде ШҚО әкімі Ермек Көшербаев Өскемен қаласының әкімі жақын уақытта тағайындалатынын айтты.
Облыс орталығының басшысы – жауапты лауазым. Үміткер заңнамада көзделген бірқатар рәсімдерден өтуі тиіс. Жуық арада болатын мәслихат сессиясында бірнеше кандидат ұсынылып, қала тізгінін кім қолға алатыны белгілі болады, – деді облыс әкімі.