Зайсан ауданы Абай атындағы орта мектепке 100 жыл
1924 жылы Қарабұлақ ауылында шағын бастауыш мектептен бастау алған бұл білім шаңырағы мыңдаған шәкіртке білім мен тәрбие берген
Ғасырлық тарихы бар білім ордасы Абай атындағы орта мектебі өзінің 100 жылдық мерейтойын атап өтті, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Абай мектебінің 100 жылдығына арналған мерекелік іс-шарада ШҚО әкімі Ермек Беделбайұлы Көшербаев білім ордасына 5 миллион теңгелік сертификат табыстады.
"Өткенін құрметтеген – болашағын баянды етеді" дегендей бұл мерейлі күн мектеп тарихында еңбегімен елеулі із қалдырған ұстаздарды, елімізге танымал болған түлектерді және бүгінгі жетістіктерімізді еске алатын ерекше күн. Мерейтойға орай облыс әкімі ШҚО әкімі Ермек Беделбайұлы білім ордасына 5 миллион теңгелік сертификат сыйлады. Бұл қаржы мектептің материалдық-техникалық базасын жақсартуға және білім сапасын арттыруға бағытталатын болады, - дейді Зайсан ауданының әкімдігі.