Биыл Қазақстанға шетелден 11,5 млн турист келген
2024 жылдың қыркүйек айында ішкі туристер саны 562 мыңға артып, 6 млн адамға жеткен
Шетелден келетін туристер легі 11,5 млн адамды құрап, бұл 2023 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда екі есеге өскен, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ҚР Премьер министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Орналастыру нысандарының жалпы кірісі 27%-ға өсіп, 224 млрд теңгені құрады. Орналастыру нысандарының саны 306 бірлікке өсіп, 4 315-ке жетті, ал олардың сыйымдылығы 18 мың төсек-орынға дейін артып, 226 мыңды құрады.
Туризмге салынған инвестиция көлемі қарқынды өсіп келеді. 2024 жылдың 10 айында олардың көлемі 33,6%-ға артып, 668,1 млрд теңгені құрады. Негізгі жобалар қатарында алдын ала құны 194 млрд теңгені құрайтын Астана туристік ауданы бар, ол 2 мыңға жуық жұмыс орнын ашып, толық іске қосылғанда жыл сайын 10 млрд теңге салық аударымдарын түсіреді. Жобаның аяқталуы 2026 жылға жоспарланған. Екінші жоба Маңғыстау облысындағы Каспий Ривьерасы, онда ҚР Премьер-министрінің қатысуымен туризм бойынша халықаралық ауқымды форум өтті. Жоба жағажай демалыс орны, гольф қонақ үйі, виллалар кешені, аквапарк және ойын-сауық орталығы сияқты бірнеше бастама аясында "Жылы жағажай" аумағын кешенді игеруді қамтиды. Жобаның жалпы бағалау құны 137,4 млрд теңгені құрайды, ал жоспарланған іске асыру мерзімі – 2024–2026 жылдар , - деп хабарлайды ҚР Премьер министрінің баспасөз қызметі.
Сонымен қатар, елімізде туризм саласын мемлекеттік қолдау күшейтііліп, биыл мемлекеттік қолдауға мақұлданған өтінімдер көлемі 3 есеге артқан. 2024 жылы 37 туристік нысан мен 6 туристер тасымалдайтын автобусқа 2,1 млрд теңге бөлінген.