Өскемен
ясно
+21°
  • Өскемен
    +21°
  • Алматы
    +27°
  • Астана
    +21°
  • Ақтөбе
    +14°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +20°
  • Қарағанды
    +23°
  • Көкшетау
    +17°
  • Қостанай
    +19°
  • Қызылорда
    +29°
  • Павлодар
    +24°
  • Петропавловск
    +21°
  • Тараз
    +30°
  • Туркестан
    +18°
  • Шымкент
    +29°
$
507.07
-3.52
572.53
-6.38
¥
70.37
-0.52
6.37
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да "Ашық жүрек" облыстық волонтерлер слеті өтті

Оған Шығыс Қазақстан облысының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының волонтерлері қатысты

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да "Ашық жүрек" облыстық волонтерлер слеті өтті
Фото:
ШҚО білім басқармасы

Слет барысында тренинг, диалог алаңдары ұйымдастырылып, үздік еріктілер байқауының қорытындысы шығарылды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

ШҚО білім басқармасы мен Өскемен көпсалалы технологиялық колледжі ұйымдастырған слетке 200 волонтер және клуб жетекшілер қатысты.

Колледж базасында "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік", "Алғашқы медициналық көмек көрсету шеберлік сағаты", "Командалық іс-әрекет", "Волонтерлік жұмыс барысында" сынды волонтерлерге арналған төрт тренинг алаңы жұмыс істеді. Сондай-ақ "Ашық жүрек" клубтарының жетекшілері үшін "Шығыс Қазақстан облысында волонтерлікті дамыту: мәселелері, мүмкіндіктері, ынтымақтастығы" тақырыбында диалог алаңы өтті.

Одан өзге, волонтерлер арасындағы "Үздік волонтер", "Үздік волонтер жобасы", "Үздік клуб жетекшісі" байқауларының қорытындысы шығарылды.

Риддер колледжінің 3-курс студенті Злата Власова "Үздік волонтер" атанса, Сәуле Аманбаева "Волонтерлік қозғалысының үздік жетекшісі". Ал Үлкен Нарын колледжі, Риддер колледжі және Самар аграрлық-техникалық колледжі "Ең үздік волонтерлер клубы" атанды.

"Үздік волонтер жобасы":

  • Экологиялық волонтерлік – Шемонаиха колледжі;

  • Медициналық волонтерлік – Өскемен қызмет көрсету саласы колледжі;

  • Әлеуметтік саладағы волонтерлік – Алтай ауданының ауылшаруашылығы колледжі


Следующая →