Қазір Өскемен қаласы әкімінің міндетін кім атқарып жүр?
Өскемен қалалық ішкі саясат бөлімі ақпаратына сүйенсек, әкімнің орынбасары Қайрат Танекенов қазір облыс орталығын уақытша басқарып отыр
Фото:
gov.kz
Ол қаладағы инфрақұрылым мен ТҮКШ мәселелеріне жетекшілік еткенін еске сала кетейік, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
39 жастағы мемлекеттік қызметкер Өскемен қаласының тумасы. Қоржынында 4 жоғары білімі туралы дипломы бар (экономика бакалавры, құқықтану бакалавры, техника және технология бакалавры, көлік құрылысы).
- Қызмет жолын 2001-2005 жылдары Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-да бастаған.
- 2015-16 жылдары – ШҚО мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасында лицензиялау және аттестаттау бөлімінің бас маманы
- 2016-18 жылдары - ШҚО мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасында лицензиялау және аттестаттау бөлімінің басшысы
- 2018 жылы – Өскемен қалалық құрылыс бөлімі басшысының орынбасары
- 2018-19 жылдары - Өскемен қалалық құрылыс бөлімінің басшысы
- 2019-2021 жылдары – Өскемен қалалық қаржы бөлімінің басшысы
- 2021-2023 жылдары Өскемен қалалық құрылыс бөлімінің басшысы
- 2023 жылдан бері Өскемен қаласы әкімінің орынбасары, Өскемен қаласы әкімінің міндетін атқарушы