Өскемен
ясно
-18°
  • Өскемен
    -18°
  • Алматы
    -7°
  • Астана
    -9°
  • Ақтөбе
    -7°
  • Актау
    +3°
  • Орал
    -4°
  • Қарағанды
    -9°
  • Көкшетау
    -10°
  • Қостанай
    -10°
  • Қызылорда
    -6°
  • Павлодар
    -16°
  • Петропавловск
    -12°
  • Тараз
    -2°
  • Туркестан
    -6°
  • Шымкент
    +2°
$
515.25
+0.32
535.91
-0.13
¥
70.6
+0.05
5.18
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-дағы арнайы қызметтердің қысқы төтенше жағдайларға дайындығы пысықталды

Шығыс Қазақстан облысында "Қыс-2024" республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтуде

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-дағы арнайы қызметтердің қысқы төтенше жағдайларға дайындығы пысықталды
Фото:
ШҚО әкімінің баспасөз қызметінен

Өңірдің авариялық-құтқару қызметтерінің қыс мезгіліндегі төтенше жағдайларға дайындығын облыс әкімі Ермек Көшербаев пен ТЖ департаментінің бастығы Рашид Блялов тексерді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Аймақ басшысы техника мен азаматтық қорғау қызметтерінің қысқы кезеңге дайындығымен танысты. Ол облыстың құтқару қызметтерінің қарамағында арнайы көліктер жеткілікті болуын назарға алып, қызметкерлермен қыста кездесетін проблемалық жайттарды талқылады.

Қысқы дауыл мен қар қалың кезде халықтың қауіпсіздігі – бірінші кезектегі міндет. Қазір барлық құрылымдардың: ТЖ департаментінің, полицияның, Ұлттық ұланның, барлық аудандар мен қалалар әкімдіктерінің, жол қызметтерінің дайындығын тексеру жүргізілуде. Қыста түрлі төтенше жағдайлар туындауы мүмкін. Қазандықтардың жұмысындағы проблемалар, электр энергиясындағы іркілістер, жолдардағы авариялар. Әсіресе, біз жолдардағы апаттық-құтқару жұмыстарына дайын болуымыз керек, - деп атап өтті Ермек Көшербаев.

"Қыс-2024" оқу-жаттығуы шартты оқиға негізінде өткізілуде. Мәселен, ШҚО-да боран күшейіп, жолдардың біріндеадамдары бар жолаушылар автобусы қалды. Құтқарушылар қар құрсауында қалғандарға көмекке тек қана "Шерп" өтімділігі жоғары көліктермен жетіп, азаматтарды эвакуациялады. Оларды жақын маңдағы медициналық мекемеге жедел жеткізу үшін "Қазавиақұтқару" МИ-8 тікұшағы тартылды. Бортта Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері алғашқы көмек көрсетті.

Өткен қыс мезгілінің өзінде тас жолдан 90 адам құтқарылып, эвакуацияланды, 18 авариялық-құтқару жұмыстары жүргізілді, 70 дауылды ескерту жарияланды. Осы қыс мезгіліне ШҚО ТЖД 114 бірлік өтімділігі жоғары техника дайындады, олар қар басқан аудандарға таратылатын болады, - деп атап өтті ШҚО ТЖД бастығы Рашид Блялов.

Оқу-жаттығудың қорытындысы бойынша облыс басшылығы құтқару бөлімшелері мен азаматтық қорғау қызметтерінің төтенше жағдайлардың салдарын жою жөніндегі іс-қимылдарға дайындығына баға беріп, төтенше қызметтердің қызметін одан әрі жетілдірудің басым бағыттарын айқындады.

Следующая →