Қазақстанның екі өңірінде акцизделмеген 150 мыңға жуық темекі тәркіленді
ҚМА Ақтөбе облысы бойынша департаменті заңсыз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру фактісі бойынша Қырғыз Республикасының азаматына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде
"Жайсан-авто" бекетінде ҚР аумағынан шығып кетпекші болған жүк көлігінің жүргізушісі ұсталған. Жүк көлігін тексеру барсында акциздік маркалары жоқ, көкөністер ішіне (пекин қырыққабаты) жасырылған жалпы саны 70 мыңнан астам қорап темекі табылды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Мемлекеттік кірістер органдарының ақпаратына сәйкес төлеуге жататын акциздік алым сомасы 22,6 млн теңгені құрайды.
Қазіргі уақытта тергеу жүргізілуде. Табылған темекі тәркіленді. Бұдан басқа, Қарағанды облысында есепке алу-бақылау маркалары жоқ темекі өнімдерін сатушы сотталды. Анықталған қойманы тінту барысында жалпы құны 18,5 млн теңгені құрайтын 71 мыңнан астам қорап темекі табылып, тәркіленді. Контрафактілік темекі өнімдері жойылды. Жалпы, жыл басынан бастап ҚМА темекі өнімдерінің айналымына байланысты 62 қылмыстық істі қарады, оның 35–і сотқа жіберілді. Барлығы 11 млрд теңгеден астам сомаға 22 млн қорап темекі тәркіленді, - деп хабарлайды ҚР Қаржылық мониторинг агентігі.
Сондай-ақ ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі темекі бұйымдарын акциздік маркасыз ірі мөлшерде өткізу қылмыс екенін ескертеді.