Өскемен
пасмурно
+4°
  • Өскемен
    +4°
  • Алматы
    +6°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -3°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +4°
  • Павлодар
    -2°
  • Петропавловск
    -3°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    +3°
  • Шымкент
    +7°
$
494.87
-0.33
520.65
-1.69
¥
68.34
4.91
-0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Биыл ШҚО-да мемлекеттік бюджетке 207,5 миллиард теңге түсті

Ағымдағы жылдың он айында бюджетке көтерме және бөлшек сауда, тау-кен өнеркәсібі мен құрылыстан көп қаржы түскен

Усть-Каменогорск и ВКО / Биыл ШҚО-да мемлекеттік бюджетке 207,5 миллиард теңге түсті
Фото:
ШҚО әкімдігінен

Мемлекеттік бюджетке түскен 207,5 миллиард теңгеден нөлдік мөлшерлеме бойынша ҚҚС қайтарылғанда, 186,2 миллиард теңге қалған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Бюджетке елеулі түсім қамтамасыз еткен негізгі салалар: көтерме және бөлшек сауда – 20,8%, тау-кен өнеркәсібі – 14,0%, құрылыс – 13,7%, сондай-ақ электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны кондиционерлеу – 6,8%. Бұл салалардағы өсім сату көлемінің артуымен, ірі кәсіпорындардың тұрақты жұмысымен және қаржылық көрсеткіштердің жақсаруымен байланысты, - ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Қабыш Сайранқан.

Сондай-ақ, облыстың сыртқы сауда жағдайы бірқалыпты өсім көрсетуде. Биыл ШҚО-ның сыртқы сауда айналымы 2,7 миллион АҚШ долларын құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 6%-ға артық. Экспорттың өсуіне "Қазцинк" және "Қазатомөнеркәсіп" сияқты ірі компаниялардың белсенді жұмысы ықпал етті.

ШҚО Мемлекеттік кірістер департаменті салық заңнамасының сақталуын бақылау бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Осы жылдың 10 айында 794 тексеру жүргізілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 78,8%-ға көп.

Ағымдағы жылдың маңызды жетістіктерінің бірі – мемлекеттік қызметтерді цифрландыруды сәтті жүзеге асыру. 2024 жылдың 1 қарашасына қарай барлық қызметтердің 99,6%-ы электрондық форматта көрсетілді.

Следующая →