Өскемен
ясно
-7°
  • Өскемен
    -7°
  • Алматы
    +8°
  • Астана
    +1°
  • Ақтөбе
    +2°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +6°
  • Қарағанды
    +2°
  • Көкшетау
    -4°
  • Қостанай
    +2°
  • Қызылорда
    +5°
  • Павлодар
    -6°
  • Петропавловск
    -5°
  • Тараз
    +6°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +5°
$
495.2
-2.06
522.34
-2.87
¥
68.34
-0.35
4.94
-0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да балалар арасында инклюзивті спорттық фестиваль өтті

Өскеменде "AMANAT" партиясының "Кедергісіз келешек" жобасы аясында балаларға арналған "Тең мүмкіндіктер" инклюзивті спорттық фестивалі ұйымдастырылды

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да балалар арасында инклюзивті спорттық фестиваль өтті
Фото:
"Amanat" партиясының ШҚОФ баспасөз қызметінен

Оған барлығы 75 баладан тұратын 25 команда қатысты, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Фестиваль мақсаты - инклюзивті спорттық-мәдени іс-шараларды өткізу арқылы әлеуметтік белсенділікті, сенім мен өзара сыйластықты арттыру, ерекше білім беруді қажет ететін балалар мен олардың дені сау құрдастары арасындағы достық байланыстарды нығайту.

"AMANAT" партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалы, ШҚО білім басқармасы, ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы, ШҚО жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы және ШҚО мәдениет басқармасы бірлесіп ұйымдастырған сайыс Шығыс Қазақстан облыстық волейболдан мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв спорт мектебінде өтті.

Қатысушылар бірнеше сайыс түрінен өздерінің белсенділіктерін көрсете білді. Мәселен, "Бочча" бағдарламасы бойынша Өскемен қаласының "Жалын" командасы қарсыластарынан оза шығып, 1-орын иеленді. Ал "Біз жеңімпаз боламыз" инклюзиялық командалық эстафетадан кіші санат бойынша 1-орынды Ұлан аудандық "Қырандар" командасы, үлкен санатта Күршім аудандық "Ақ сұңқар" командасы алды.

Сондай-ақ, үшінші бағдарлама "Жеңіл атлетика" бойынша кіші санатта Зайсан аудандық "Барыс" командасы және аға санатта Глубокое аудандық "Қайсар" командасы жеңімпаздар қатарынан көрінді.

Следующая →