ШҚО құтқарушылары шартты аймақтағы төтенше жағдайды жоюға дайындалуда
ШҚО-да қысқы кезеңде ТЖ жою бойынша "Қыс-2024" оқу-жаттығу басталды
Оқу-жаттығу барысында құтқарушылар мен азаматтық қорғау күштері қысқы кезеңде туындаған төтенше жағдайларды жою бойынша іс-қимылдарды пысықтайды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Қыста аймақтың климаты өте күрделі: ауа температурасы төмен, желді. ШҚО ТЖД ақпаратына сүйенсек, аймақта 129 қарлы учаске және 325 қар көшкіні жиналатын орындар бар, бұл адамдардың өміріне және шаруашылық объектілеріне қауіп төндіреді.
Оқу-жаттығу жұмыстарының сценариі бойынша, облыста күрделі метеорологиялық жағдайға байланысты бірден бірнеше апаттық жағдайлар мен оқиғалар орын алған. Осыған байланысты ШҚО ТЖД-ның ахуалдық орталығында шұғыл және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде азаматтық қорғау қызметтерін басқару мен өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін штаб орналастырылды. ТЖ жою жөніндегі іс-қимыл жоспарына сәйкес облыс аумағында қыс мезгілінде 1717 адам, 686 бірлік техника жұмылдырылатын болады. Төтенше жағдайлар департаменті авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу және эвакуациялау үшін 114 бірлік техника көлемінде күштер мен құралдар дайындады, - деп атап өтті ШҚО ТЖД бастығы Рашид Блялов.
Оқу-жаттығу барысында облыстағы құлақтандыру жүйесі тексерілді.
22 қарашада өңірде ТЖ шартты аймағында қызметтердің практикалық іс-қимылдары пысықталады.