Өскеменде Шемонаиха ауданының мәдени күндері өтеді
Осы аптада облыс орталығына Шемониха ауданының өнерпаздары мен ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілер келеді
"Туған жер - алтын бесігім" облыстық жобасы аясында 22-23 қараша күндері Өскемен қаласында Шемонаиха ауданының мәдени күндері өтеді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Жұма күні Шығыс Қазақстан облыстық мемлекеттік филармониясында Шнитке атындағы Саратов филармониясының солисті, халықаралық байқаулар мен фестивальдердің жүлдегері, Шемонаиха ауданының тумасы Андрей Медведевтің, сондай-ақ "Юность" және "FREEZE LIGHT" үлгілі хореографиялық ұжымдарының, "Жұлдыздар" вокалдық тобы, республикалық байқауларының жүлдегері "Децима" вокалдық тобының қатысуымен Шемонаиха ауданының көркемөнерпаздар ұжымдарының гала-концерті өтеді.
Ал сенбі күні Жібек жолы, 6 мекенжайындағы "Шығыс Алтай" сауда-саттық алаңында Шемонаиха ауданының ауылшаруашылық жәрмеңкесі, ұлттық спорттық жарыстар ұйымдастырылады.