ШҚО-да жүк көлігі жарылып, екі адам қаза тапты
Кеше түстен кейінгі уақытта Ұлан ауданындағы Өскемен-Самар тас жолында жарылғыш заттар тасымалдаған жүк көлігі жарылып кетті
Оқыс оқиға облыс орталығынан 75 шақырым жерде орын алды. ШҚО ПД ақпаратына сүйенсек, VOLVO маркалы жүк көлігі жүріп бара жатқан жерінде күлі көкке ұшқан, деп хабарлайды Устинка LIVE.
Самар ауданындағы тау-кен жұмыстарын жүргізу үшін жүк көлігімен алып бара жатқан заттың жарылуы салдарынан көлік жүргізушісі мен жолаушысы қаза тапты.
Факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта болған жағдайдың себептері мен жағдайларын анықтау үшін барлық қажетті тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеуді Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің басшылығы бақылауға алды, - деп мәлімдеді ШҚО ПД баспасөз қызметі.