Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Ұлан ауданындағы Отрадное ауылында ауыз су тартылуда

Биыл Отрадное ауылына су тарту үшін облыстық бюджеттен 98,0 млн теңге бөлінген

Усть-Каменогорск и ВКО / пос. Касыма Кайсенова (Уланский р-он) / Ұлан ауданындағы Отрадное ауылында ауыз су тартылуда
Фото:
ШҚО ІСБ

Жалпы құны 695,54 млн теңге болатын су құбыры желілерін салатын мердігер ұйым "DK Build" ЖШС, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Жобалық-сметалық құжаттарына сәйкес су тарту құрылыстарының алаңын, бірінші және екінші көтергіш сорғы станцияларын, сыйымдылығы 100 м3 болатын екі таза су резервуарын салу, ДЭС орнату, 40кВа КТПН трансформаторлық қосалқы станциясын орнату көзделген. Жоба бойынша желілердің жалпы ұзындығы 9,5 км құрайды. Оның ішінде 2,4 км тұрғын үйлерге жеткізу, - деп хабарлайды ШҚО Энергетика және ТҮКШ басқармасы.

Бүгінгі таңда 880 м су құбыры төселген. Гидравликалық сынақтар мен құбырларды төсеу, сондай-ақ сыртқы электрмен жабдықтау желілерін монтаждау жүргізілуде.

Осылайша Отрадное ауылының тұрғындары сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілмек.

Следующая →