ШҚО жолдарында қысқы кезеңде кей көлік түрлерінің қозғалысына тыйым салынды
Облыстағы республикалық маңызы бар жолдарға тіркемелі көлік құралдарының қозғалысына тыйым салатын жол белгілері қойылды
Бұл туралы Әкімшілік полиция басқармасы ескертті, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
2024-2025 жылдардағы қысқы кезеңде жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында республикалық маңызы бар "Өскемен - Алтай – Үлкен-Нарын – Катон-Қарағай - Рахман қайнарлары" автомобиль жолында 46-дан 66 шм-ға дейін ("Осиновский" асуы), "Өскемен – Риддер-РФ шекарасы" тасжолында 94-дан 104 шм-ға дейін ("Козлушка" тауы) және де облыстық маңызы бар "Өскемен – Тарғын - Самар" тасжолында 62-дан 145 шм-ға дейін 3.7 "Тіркемелі көлік құралдарының қозғалысына тыйым салынады" жол белгілері қойылды.
Республикалық маңызы бар "Өскемен - Риддер - РФ шеқарасы" тасжолының 94-тен 104 шм-ға дейін ("Козлушка" тауы) жоғарыда аталған шектеу белгісі сағат 20.00-ден 06.00-ге дейін қолданылады.
Осыған байланысты, тасжолдардың көрсетілген учаскелерінде тіркемелері және жартылай тіркемелері бар көлік құралдарының қозғалысына, сондай-ақ механикалық көлік құралдарын сүйретуге тыйым салынады.
Жүргізушілер енгізілген шектеулерді ескере отырып, жол бағытын жасауға мұқият болу керек.
Қала сыртындағы тасжолдардың жағдайы мен жүру барысы туралы тәулік бойы ақпаратты келесі телефондар арқылы білуге болады:
- ШҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының кезекші бөлімі -
77-70-81, 77-60-05;
- "КАЖсервис" диспетчері: 26-28-08, 24-08-98, ұялы тел. 8-777-535-89-08;
- "ОблШығысЖол" диспетчері: 57-42-52, 8-705-798-05-99.