Өскемен
пасмурно
-7°
  • Өскемен
    -7°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -4°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +7°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -5°
  • Көкшетау
    -3°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    -2°
  • Павлодар
    -4°
  • Петропавловск
    -4°
  • Тараз
    -2°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +1°
$
493.85
+1.68
519.04
-3.35
¥
68.16
-0.11
4.97
-0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да интернет-алаяқтықтың 700-ден астам жағдайы тіркелді

Жыл басынан бері облыста интернет арқылы жасалатын алаяқтықтың 700-ден астам жағдайы анықталды

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да интернет-алаяқтықтың 700-ден астам жағдайы тіркелді
Фото:
pixabay

Бұл туралы ШҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының аға жедел уәкілі полиция аға лейтенанты Нұрай Арыстанбек мәлімдеді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Ақпараттық технологиялардың дамуымен бірге алаяқтар да өз әрекеттерін жетілдіріп, олардың қолданатын әдістері күрделене түсуде. Ең кең таралған әдістерге банктер мен коммуналдық қызметтердің қызметкері ретінде, мемлекеттік органдардың атынан хабарласу және зиянды сілтемелер арқылы мессенджерлерді бұзу жатады, - деді Нұрай Арыстанбек.

ҚР Ішкі істер министрлігінің 2023-2025 жылдарға арналған киберқылмыспен күресу бағдарламасына сәйкес, облыста жыл сайын жедел-профилактикалық іс-шаралар өткізіледі.

Мысалы, ағымдағы жылы 12-14 қараша аралығында бүкіл ел аумағында "Анти-Фрод" жедел профилактиқалық іс шарасы өткізіледі, - деді полиция қызметкері. - Сонымен қатар, өңірде "Стоп-алаяқ" профилактикалық іс шарасы жүзеге асырылуда. Қазіргі таңда бұл іс-шараның үшінші кезеңі өткізіліп жатыр. Іс-шара барысында полиция қызметкерлері тұрғын үйлерді аралап, интернет-алаяқтықтың түрлері туралы ескертулер жасап, халықтың қаржылық және құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған ақпарат таратуда. Сондай-ақ, облыс және Өскемен қаласы әкімдіктерімен бірлесіп ақпараттандыру бойынша медиажоспар әзірленді.

Бүгінгі күні қылмыстарды тиімді тергеу үшін Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті жанынан киберқылмыстарды ашумен айналысатын арнайы "Киберпол" бөлімі құрылған.

Следующая →