Өскемен
пасмурно
-7°
  • Өскемен
    -7°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -4°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +7°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -5°
  • Көкшетау
    -3°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    -2°
  • Павлодар
    -4°
  • Петропавловск
    -4°
  • Тараз
    -2°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +1°
$
493.85
+1.68
519.04
-3.35
¥
68.16
-0.11
4.97
-0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен–Алматы бағытындағы пойыздар санитарлық талаптарға сай емес

Шығыс Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілері облыстың көліктік бақылау инспекциясының қызметкерлері тексеріс жүргізді

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскемен–Алматы бағытындағы пойыздар санитарлық талаптарға сай емес
Фото:
instagram/antikor.vko

Пойыз басшылығына вагондарда тазалық жұмыстарын мұқият жүргізу ұсынылды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Шығыс Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілері облыстың көліктік бақылау инспекциясының қызметкерлерімен бірлесіп №351 "Өскемен–Алматы" пойызының жолаушылар вагондарының жай-күйіне, оның ішінде техникалық және санитарлық нормалардың сақталуына мониторинг жүргізді, - деп хабарлады ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша департаменті.

Мониторинг барысында жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін апаттық шығулардың, өрт сөндіргіштердің, дәрі қобдишаларының және басқа да құралдардың болуы мен жарамдылығын қоса алғанда, қауіпсіздік нормаларының сақталуына тексеру жүргізілді.

Тексеру нәтижесінде қазіргі уақытта барлық қажетті техникалық нормалар сақталады деген қорытынды жасалды. Вагондар жақсы жағдайда және бұзушылықтар анықталған жоқ. Алайда вагондардың санитарлық жағдайы жолаушылардың санитарлық қауіпсіздігі мен жайлылығына теріс әсер етуі мүмкін, - делінген хабарламада. - Пойыз басшылығына вагондардың санитарлық жағдайын тиісті деңгейде ұстау үшін тазалау жұмыстарын мұқият жүргізу ұсынылады.

Ұсыныстың орындалуы санитарлық қадағалау ведомствосы қызметкерлерінің қатысуымен келесі мониторингте тексерілетін болады.

Следующая →