Шығыс Қазақстан облысында жолдар ашылды
Кеше ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық және облыстық маңызы бар жолдар жабылған болатын
Фото:
pexels
Бүгін таңертең сағат 08.00-де қайта ашылды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Келесі бағыттар ашық:
- "Алматы-Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы" автожолының 1123-1191 шақырымы аралығы, Предгорное ауылынан Шемонаиха қаласына дейін;
- "Алматы-Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы" автожолының 1194-1212 шақырымы аралығы, Шемонаиха қаласынан РФ шекарасына дейін;
- "Өскемен-Риддер- РФ шекарасы" автожолының 15-105 шақырымы аралығы, Белоусовка ауылынан Риддер қаласына дейін.