Өскеменнің қай көшелері жөндеуді қажет етеді?
Қалада жыл сайын көшелерді орташа жөндеу бойынша жұмыстар атқарылады
Биыл 38 көшеде жөндеу жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілішісі.
Оған асфальт жабындысын толық ауыстыру, жөндеу және қажет болған жағдайда қосымша тротуарлар салу жұмыстары кіреді. Аталған жұмыстарды жоспарлау кезінде біз жол полициясының ұсынымдарын, сондай-ақ азаматтар жолдаған сұрауларды да басшылыққа аламыз, – дейді Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар.
Қала әкімі өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында сауалнама жүргізіп, орташа жөндеу жұмыстарын ең бірінші кезекте жүргізу қажет деп санаған учаскелер бойынша тұрғындардың пікірі мен ұсыныстарын сұрайды.
Бұл ақпарат 2025 жылғы жұмыс тізбегін жоспарлау кезінде ескерілетін болады.