Серебрянск қаласындағы әскери бөлімге құрам жасақталуда
Биыл күзгі әскерге шақыру аясында Өскеменнен мерзімді қызметке 300-ге жуық сарбаз жіберу жоспарлануда
Күз келгенде Қазақстан Қарулы күштері қатарында қызмет ету үшін жаңа командаларды қалыптастыру бойынша белсенді жұмыс басталады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Әскерге шақырту келген соң Отан алдындағы борышымды өтеуге бірден қамдана бастадым. Медициналық тексерістен өтіп, әскер қатарына жарамды деп танылдым. Қазір ҚР Қарулы күштерінің қатарында болу, әскери борышты өтеу - көптеген есіктерді ашып, жаңа мүмкіндіктер береді. Мен де тура солай қызығып келдім. Бір жылдық борышымды лайықты өтеп, артынша жоғары оқу орнында тегін білім алу мүмкіндігіне ие болғым келеді, - деді әскерге шақырылушылардың бірі Мирас Қожақметов.
Айта кету керек, әскери борышын өтеп келгендерге жоғары оқу орындарына емтихансыз түсу мүмкіндігі қарастырылған.
Өскемен қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы әскерге шақыруды ұйымдастыру бойынша жұмыстарды белсенді жүргізуде. Шақырту алған азматтар медициналық тексеруден өтеді. Әскери бөлімдерге жіберу үшін арнайы құрамдар жасақтауда. Әскерге шақырылушылар Төтенше жағдай қызметі, Ұлттық ұлан, Шекара қызметі және Қазақстанның басқа да маңызды құрылымдары бойынша бөлінетін болады.
Қазір бізде әскерге шақырту алғандардың жаңа тобы жинақталуда. Бұл жолғы сарбаздар Серебрянск қаласында орналасқан Өскемен гарнизонының №97638 әуе шабуылына қарсы күштер әскери бөліміне жіберіледі, - деп атап өтті Өскемен қаласы Қорғаныс істері жөніндегі басқармасының бастығы подполковник Мусапиров Қуаныш.
Шақыру науқаны желтоқсан айының соңына дейін жалғасады.