Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Катонқарағай ауданына арналған қос кітап жарық көрді

Күні кеше Өскеменде "Катонқарағай - аңыздар өлкесі", "Көккөлдегі көразап" кітаптарының тұсаукесері өтті

Усть-Каменогорск и ВКО / Катонқарағай ауданына арналған қос кітап жарық көрді
Фото:
А.С. Пушкин атындағы кітапхана

"Көккөлдегі көразап" кітабы Мұзтау түбіндегі Көккөл кенішінің жансебіл кеншілеріне арналған және ал "Катонқарағай аңыздар өлкесінде" шығыстың аңызға бай өлкесінің мол мұрасы жинақталған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Қос кітаптың авторы саналы ғұмырының 40 жылдан артық уақытын кітапхана саласына арнаған, Қазақстан Республикасының "Еңбек сіңірген қызметкері", ардагер кітапханашы,өлкетанушы Гүлзира Жұмағұлова.

А.С. Пушкин атындағы кітапхана

Автор түрлі мекемелерде кітапханашылық қызмет ете жүріп Алтайдың мұзбалағы атанған жазушы Оралхан Бөкейдің шығармаларын насихаттауда көп еңбек сіңірген. Ұзақ жылдар кітапхананың өлкетану бөлімінде жұмыс атқарған Гүлзира Дәулетханқызының тынымсыз ізденімпаз еңбегі естелік кітап болып оқырманға жол тартты.

"Катонқарағай - аңыздар өлкесі" кітабы бірнеше бөлімнен тұрады:"Алтай өңірі туралы мифтік аңыздар", "Топонимдік аңыздар", "Тарихи аңыз әңгімелер", "Шежіре аңыздар".

Ал "Көккөлдегі көразап" кітабы Мұзтау түбінде орналасқан, кезінде вольфрам концентратын соғыс мақсатында өндірген "Көккөл" кенішінің жансебіл кеншілеріне арналады.

Следующая →