ШҚО-да екі ауданда тұрғын үй өртке оранды
Кеше кешке Шемонаиха қаласында саяжай аумағындағы үй өртенсе, Самар ауылында жаздық ас үйде өрт шықты
Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Шемонаиха қаласындағы саяжайлардың біріндегі үйде өрт шығып, оқиға орнына дереу жеткен құтқарушылар 35 ш.м. аумақты шарпыған жалынды ауыздықтады.
Сондай-ақ Самар ауылында жеке үйдің аумағында тұрған жазғы ас үй өртеніп, құтқарушылардың көмегімен 49 шаршы метр өрт сөндіріліп, екі газ баллон үйден шығарылды, - деп хабарлады ШҚО ТДЖ.
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды еске салады.
Өрт туындаған жағдайда 112 нөміріне хабарласу қажет.