Этот сайт собирает метаданные пользователя (cookie, данные об IP адресах и местоположении). Это необходимо для функционирования сайта.
Продолжая пользоваться сайтом, Вы даете согласие на использование ваших cookie-файлов.
Есенберлин даңғылы мен айналма жол қиылысындағы көлік қозғалысын реттейтін бағдаршам уақытша істемей тұр
Қазір бағдаршамның істен шыққан қондырғысын сатып алып, орнату жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Өскемен қаласының ТҮКШ бөлімінің хабарлауынша, Есенберлин даңғылы мен айналма жол қиылысындағы трансформаторлық қосалқы станса кабелінің зақымдалуына байланысты осы учаскеде қозғалысты реттейтін бағдаршамдағы электронды қондырғы істен шыққан.
Қазіргі уақытта ауыстыратын электрондық жабдықтар сатып алынып, бағдарламалық қамтамасыз ету дайындалуда. Жұмыс аяқталғаннан кейін бағдаршам қалыпты режимде жұмыс істейді,- деп мәлімдеді қалалақ ТҮКШ бөлімінің өкілдері.