Өскемендегі жер асты өткеліндегі жөндеу жұмыстары аяқталды
Биыл "45-ші дәріхана" аялдамасы ауданындағы жер асты өткелінде жөндеу жұмыстары жүргізілді
Фото:
Устинка LIVE
Жұмыстар кешеуілдегенімен, қазіргі таңда өткел ашық, пайдалануға берілген, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Следующая →
Материалдарды жеткізудегі кідіріске байланысты жұмыс мерзіміне түзетулер енгізілген болатын, бірақ қазір жұмыстар толық аяқталды, - деп мәлімдеді Өскемен қалалық әкімдігі. - Өткелде гранит жабыны толығымен ауыстырылды, жаңа есіктер, әйнектер орнатылды. Сондай ақ жер асты суларының салдарынан өткелді су басатын. Бұл мәселе енді шешілді.