Осы сенбіде Өскеменде ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді
2 қараша күні облыс орталығында кезекті ауылшаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылады
Фото:
Әділхан Есімханов
Бұл жолы Күршім мен Марқакөл аудандарының дәмі келеді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Жібек жолы даңғылы, 44 мекенжайында өтетін жәрмеңкеде Күршім мен Марқакөл аудандарының кәсіпкерлері өз өнімдерін ұсынбақ. Тұрғындар назарына әдеттегідей арзан бағада ет, балық, май, сүт өнімдері, күнбағыс майы, бал, көкөніс саудаланады.
Жәрмеңке таңертең сағат 8.00-де басталады.