Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Шығыстың мәдени мұрасы тағы бір құнды жинақпен толықты

А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада "Шығыс Қазақстанның аңыз-әпсаналары" жинағының тұсаукесері өтті

Усть-Каменогорск и ВКО / Шығыстың мәдени мұрасы тағы бір құнды жинақпен толықты
Фото:
А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапхана

"Шығыс Қазақстанның аңыз-әпсаналары" жинағы кітапхана қорын байытып қана қоймай, облысымыздың мәдени мұрасын сақтау мен насихаттауға мол үлес қосады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Жинақта Шығыс Қазақстанның өзен-көл, тау аталауларының шығу тарихы туралы топонимикалық аңыздар, киелі орындар мен тарихи тұлғалар жайлы аңыздар, ертеде өлкемізде өмір сүрген ғажайып та сиқырлы кейіпкерлер жөніндегі әпсаналар енген. Әсіресе, Катонқарағай өңіріндегі жайлаудың Алтықыз атануы, Ертіс пен Үлбінің айнымас махаббаты, таудың "Алтай" аталу себебі, Қандысу өзенінің тарихы сынды өлкемізге қатысты көптеген аңыздар кез келген оқырман үшін өте қызықты деп ойлаймыз.

Жинақтың құрастырушысы - өлкетанушы, "Мәдениет саласының үздігі", "Кітапхана ісінің ардагері" төсбелгілерінің иегері Слямова Зиза Мұхтарханқызы Шығыс Қазақстанның тарихи мұрасын ұзақ жылдар бойы зерттеп, сақтаумен айналысып келеді.

Жинақ үш тілде жарық көрді. Бұл ішкі-сыртқы туризмнің дамуына оң әсерін тигізіп, ақпаратқа деген қолжетімділікті қамтамасыз етеді.

Следующая →