Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

IQanat олимпиадасының І туры басталды

Интеллектуалдық сайысқа 170 ауданнан 56 мың 8-сегізінші сынып оқушысы қатысады

Новости Казахстана / IQanat олимпиадасының І туры басталды
Фото:
iqanat.kz

IQanat жобасының қамқоршылары - елге танымал 160 кәсіпкер ауыл балаларына түрлі мүмкіндіктер ұсынады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ШҚО әкімдігі ақпаратына сүйеніп.

IQanat Олимпиадасының ерекшелігі – академиялық жетістіктері мен мектептегі бағаларына қарамастан, әрбір баланың жеңіске жетуге мүмкіндігі бар. Дәстүрлі тестілеулерден айырмашылығы – IQanat тапсырмалары оқушының логикалық және математикалық ойлау, оқу сауаттылығы және қазақ тілін меңгеруі сынды қабілеттерін бағалауға бағытталған.

Бірінші турда жеңімпаз атанған 10 мыңға жуық бала екінші – облыстық турға өтіп, оның аясында тест тапсырудан бөлек, IQanat жобасының үш күндік дайындық шарасы – қарқынды білім беру және ынталандыру тренингтеріне қатысады.

Екінші турда финалға өтетін 1000-ға жуық бала айқындалады. Финалистердің бір бөлігі Бурабайдағы IQanat мектеп-пансионатына оқуға қабылданып, олардың жатын орны, тамағы, формасы мен оқу материалдарына қажетті шығындары түгел өтеледі. Финалистердің екінші бөлігі IQanat олимпиадасынан кейінгі үш жылдық қолдау бағдарламасына тегін қабылданып, оның аясында балалар ҰБТ, халықаралық емтихандарға белсенді дайындалады, ағылшын тілін, IT дағдыларды, soft skills, кәсіпкерлік негіздерін меңгереді. Бұл ретте балалардың жетістіктері оқу барысында да, одан түлеп ұшқаннан кейін де бақылауда болады.

Бұл мүмкіндіктерді балаларға IQanat жобасының қамқоршылары ұсынып отыр. Олардың қатарында қазақстандық ірі бизнестің, сондай-ақ ШОБ өкілдері болып табылатын, елімізге танымал 160 кәсіпкер бар.

Мен отбасының тұрғылықты жері мен қаржылық мүмкіндіктеріне қарамастан, әрбір балаға сапалы білім мен ол ұсынатын мүмкіндіктер қолжетімді болуы керек деген сенімдемін, сондықтан IQanat жобасын қолдадым, - деді Алмаз Төлтаев. - Жоба ауыл балаларына қазіргі уақытта ең қажетті дағдыларға жүйелі түрде оқытады және бұл өзінің тікелей нәтижелерін береді. IQanat бағдарламасымен қамтылған балалардың 90%-ы Қазақстанның және шетелдің үздік университеттеріне грантпен оқуға қабылдануда. Қазір IQanat түлектері әлемнің 17 елінде білім алып жатыр. Бұл жобаға қосылу – біздің еліміздің тұрақты дамуы мен адам капиталына инвестиция құюды білдіреді. Өйткені дәл осындай ынталы да игі ниетті балалардан келешекте үлкен өзгерістер жасай алатын мықты ұрпақ шығады.

IQanat бағдарламасы түлектерінің (Alumni) саны бүгінде 2200-ден астам.

2017 жылы іргесі қаланған уақыттан бері Олимпиада 240 мыңнан астам ауыл баласын қамтыды. Жыл сайын жобаға ҚР Оқу-ағарту министрлігі қолдау көрсетеді.

Следующая →