Дүйсенбіден басталған облыс орталығындағы мерекелік шаралар желтоқсан айына дейн жалғаспақ, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Мәселен, 21-27 қазан аралығында сағат 10.00-ден 15.00-ге дейін О. Бөкей атындағы кітапханада қазақ фильмдері көрсетіліп жатыр.
22 қазан мен 1 желтоқсан аралығында сағат 09.00-ден 17.30-ға дейін ШҚО Өнер музейінде ескі карталар көрмесі ұйымдастырылады. Еуропалық және американдық XVI–XIX ғасырдағы карталарда қазақ мемлекеті бейнеленген.
25-26 қазан күндері сағат 10.00-ден бастап Қазақстан көшесі, 159 мекенжайы бойынша орналасқан "Гостиный двор" сауда кешенінде "Made in Oskemen-2024" көрмесі өтеді.
25 қазан:
- 11:00 - "Қазақстан" тауына жаппай жүгіру;
-
11:00 - жаңа Үлбі жағалауындағы концерттік бағдарлама;
-
12:00 - "ADK River" фойесінде концерт;
-
14:00 - "Император" сауда орталығында концерт;
-
16:00 - Арбат алаңында концерт;
-
18:00 - "Комендантка" аумағында концерт.
Ал 26 қазан күні сағат 15:00-де Шығыс Қазақстан облыстық филармониясының көрермен залында Н.Тілендиев атындағы "Отырар сазы" академиялық фольклорлық-этнографиялық оркестрінің концерті өтеді.