Өскемен
малооблачно
+20°
  • Өскемен
    +20°
  • Алматы
    +22°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +6°
  • Актау
    +18°
  • Орал
    +18°
  • Қарағанды
    +12°
  • Көкшетау
    +1°
  • Қостанай
    -2°
  • Қызылорда
    +19°
  • Павлодар
    +8°
  • Петропавловск
    -3°
  • Тараз
    +16°
  • Туркестан
    +8°
  • Шымкент
    +18°
$
481.68
-3.36
522.48
-3.50
¥
67.72
-0.57
5
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО: Еліміздегі ең ұзын көпір бүгін ашылды

Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін еліміздегі ең ұзын көпірдің ашылуына қатысты

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО: Еліміздегі ең ұзын көпір бүгін ашылды
Фото:
primeminister.kz

Көпір алты ауданды – Күршім, Үлкен Нарын, Марқакөл, Катонқарағай, Тарбағатай және Зайсан аудандарын байланыстырады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

primeminister.kz

Көлік министрі Марат Қарабаевтың айтуынша, 1316 метр екі жолақты автомобиль көпір тәулігіне 80 мыңға дейін көлік өткізе алады. Өткелге 18 шақырым жаңа жол тартылды. Жоба озық инженерлік технологияларды қолдана отырып және барлық сапа стандарттарына сәйкес жүзеге асырылды.

Жаңа көпір Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша тұрғындардың жайлылығы мен қауіпсіздігін арттыру мақсатында салынды. Аймақта тұрғындар 50 жыл бойы жазда не пароммен, қыста тікелей не мұз үстімен жүргенін білесіздер. Құрылыстың салынуын жергілікті тұрғындар ұзақ күтті, - деп атап өтті Олжас Бектенов.

Шығыс Қазақстан - маңызды көлік дәліздері өтетін стратегиялық аймақ. Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпір логистикалық бағыттарды жақсартып, шекаралас елдермен үздіксіз байланысты қамтамасыз етеді.

2019 жылы осы өңірдің халқы еліміздің Президентіне арыз-тілегін жазған. Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев халықтың тілегіне көңіл бөліп, елдің 60 жыл армандаған көпірін салуға қазынадан қаражат бөлді. Жобада еңбек еткен тек еліміздің азаматтары. Шетелден тартылған бірде-бір маман жоқ. Қаншама кісіге жұмыс табылды. Құрылыс қыстың аязында, жаздың аптап ыстығында да жүргізілді, - деді Күршім ауданының Құрметті азаматы Бақытхан Өлмесеков.

primeminister.kz

Көпірдің ашылуы ерекше оқиға болды. Бұл – маңызды инфрақұрылымдық жоба, әрине, бүкіл еліміздің тұрғындары үшін тарихи нысан. Ол Президенттің бастамасының арқасында жүзеге асты. Бірнеше сағат бойы жүріп өтетін қашықтықты енді бірнеше минутта өттік. Қысқы мезгілде бұл жерден өту өте қиын еді, - деп атап өтті Алтай аудандық мәслихатының төрағасы Лариса Гречушникова.

Премьер-министр ірі жобаларды жүзеге асыру барысында отандық мамандар мен мердігер компанияларды тартуға ерекше назар аударылатынына тоқталды.

Мемлекет басшысы аталған жобаға, жалпы өңірлердің дамуынап үлкен көңіл бөліп келеді. Сіз дұрыс айттыңыз, әрі жұмыс беріп әрі инфрақұрылымдық байланыс пен дамуды қамтамасыз ететін мегажобалар көп болуы керек. Сырттан ешкімді тартпай-ақ, біздің өз құзыретіміз де жеткілікті. Осындай республикалық маңызы бар ірі жобаларды жүзеге асыруды жалғастырамыз. Қазір Президенттің тапсырмасы бойынша Үкімет отандық кәсіпкерді, отандық өндірушілерді қолдау саясатын жүргізуде, - деп атап өтті Олжас Бектенов.


Следующая →