Ақтаудағы мемлекеттік мекемеге террорлық шабуыл жасамақ болған
Қылмыскер 18 жылға бас бостандығынан айырылды
Ақтау қаласының тұрғынына қатысты террористік акт жасамақ болғаны және терроризмді насихаттағаны үшін үкім заңды күшіне енді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ҰҚК баспасөз қызметі ақпаратына сүйеніп.
Ақтау қалалық соты оған 18 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Зорлық-зомбылық әрекетін жасау үшін жарылғыш құрылғыны, соның ішінде зақымдайтын элементтер жасауға қажетті компоненттер болттар мен шегелерді сатып алғаны анықталды, - делінген ҰҚК баспасөз қызметі ақпаратында. - Шабуыл нысаны ретінде Маңғыстау облысының мемлекеттік мекемелерінің ғимараттарын таңдап, фото және видеоға түсіру арқылы жергілікті жерді зерттеген.
Айта кету керек, бұл адам бұрын кісі өлтіргені үшін сотты болған.