Владимир Школьник қызметінен босатылды
Қазақстандағы жаңа кадрлық тағайындаулар бойынша Владимир Школьник энергетика министрі орнынан босатылды
Фото:
forbes.kz
Владимир Школьник әр уақытта әр түрлі қызмет атқарды, деп хабарлайды «КТК телеарнасының сайты». 1996 жылы Ғылым және жаңа технология министрі болды. Кейінірек білім министрі болып тағайындалды. Сонымен қатар, бірнеше жыл «Қазатормпром» ұлттық компаниясының да басшысы болды. Ал енді Владимир Школьниктің қандай қызметке отырары әзірге белгісіз.
Владимир Школьниктің орнына Павлодар облысының әкімі Қанат Бозымбаев отырды.
Президенттің жарлығымен әділет министрінің орынбасары Бақытжан Әбдірайым да қызметінен босатылды. Енді қазақстандық балалардың құқығын Мәжілістің экс-депутаты Зағипа Балиева қорғайтын болады.