Өскемен
малооблачно
+20°
  • Өскемен
    +20°
  • Алматы
    +22°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +6°
  • Актау
    +18°
  • Орал
    +18°
  • Қарағанды
    +12°
  • Көкшетау
    +1°
  • Қостанай
    -2°
  • Қызылорда
    +19°
  • Павлодар
    +8°
  • Петропавловск
    -3°
  • Тараз
    +16°
  • Туркестан
    +8°
  • Шымкент
    +18°
$
485.04
525.98
¥
68.29
5.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскеменде жер үйді тонап, 30 млн теңге шығын келтірген ұрылар ұсталды

Ұрылар үй иесін аңдып, ұрлыққа мұқият дайындалған көрінеді

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскеменде жер үйді тонап, 30 млн теңге шығын келтірген ұрылар ұсталды
Фото:
Устинка LIVE

Үйден жалпы сомасы 28 млн теңге болатын ақша мен зергерлік бұйымдар қолды болған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Бұл туралы үй иесі полицияға арызданған.

Жедел іздеу барысында тәртіп сақшылары қаскөйлердің ізін суытпай ұстады. Анықталғандай, күдіктілердің бірі бұрын да осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін сотты болған. Тінту кезінде полицейлер ұрланған зергерлік бұйымдарды тауып, оған қоса 1 келіге жуық гашиш тәркілеген, - деп хабарлайды ШҚО ПД баспасөз қызметі. - Күдіктілер жәбірленушіні аңдып жүріп, ұрлыққа мұқият дайындалған. Оның үйінен кеткенін күткен қылмыскерлер қоршаудан секіріп өтіп, терезеден кіріп, сейфтан ақша мен зергерлік бұйымдарды алып кеткен.

Күдіктілерге қатысты ұрлық жасағаны және есірткіні заңсыз сақтау фактілері бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Тергеу амалдары жалғасуда.

ШҚО Полиция департаменті тұрғындарды терезелерге торлар және дабылдар орнатып, сенімді құлып салуды ұсынады. Ұрлықтың алдын алу үшін бағалы заттарды көзге көрінетін ашық жерлерде қалдыруға болмайды және ұзақ сапарға шығатын болсаңыз, көршілерге ескерткен жөн.

Следующая →
Тақырыптар: ШҚО ПД Өскемен Тонау