Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Самарда жасөспірімдер арасында дзюдодан жарыс өтті

Самар ауданында 2011-2012 және 2014-2015 жылдары туған жасөспірмдер арасында дзюдо күресінен облыстық жарыс өтті

Усть-Каменогорск и ВКО / Самарда жасөспірімдер арасында дзюдодан жарыс өтті

Аталған жарысты Самар балалар және жасөспірімдер спорт мектебі ұйымдастырды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Қарттар күніне арналған жарыстың ашылу салтында аудан әкімінің орынбасары Қайдар Сәйкенұлы құттықтау сөзін сөйлеп, қарттарды мерекелерімен құттықтады. Артынша Самар балалар және жасөспірімдер мектебінің директоры Жандос Серікұлы аға буын өкілдерін құттықтап, иықтарына күрме жауып, құрметке бөледі.

Ауданымыздағы қарттардың басын қосып, иығымызға шапан жауып, керемет ұйымдастырып жатқан спорт мектебінің басшылығына алғысымыз шексіз. Бір марқайып қалдық. Ауданымыз үшін атқарып жатқан жұмыстарыңа жеміс, жеңіс тілейміз. Сонымен қатар алыс-жақыннан осы жарысқа қатысып жатқан спортшы жастарымызға ақ жол тілеймін, – дейді қонақтарымыздың бірі Айдархан Фазылғаламұлы.

imgonline-com-ua-Resize-ZUT8edarsFO5di.jpg

Аталған жарысқа он ауданнан 25 команда, 250 спортшы қатысты. Облыстық сайыс деп айтқанымызбен, көршілес Абай облысының да жасөспірімдері бақ сынасты.

Кіл мықтылар жиналған спорттық жарыс өте тартысты өтті. Балалар ширақы, жылдам, шебер қимылдап, өзгеше әдіс-тәсілімен көрерменнің қошеметіне бөленіп жатыр. Таңнан басталған бәсеке кеш бата әзер аяқталды.

Жарыс соңында жеңімпаздар арнайы сыйлықтармен марапатталды.

Мекемеміз Қарттар күніне орай осындай ауқымды жарыс ұйымдастырдық. Үлкендеріміздің батасын алдық. Жарыстың мақсаты – жастар арасында спортты дәріптеу. Салауатты өмір салтын насихаттау. Әр жарыстан әр спортшы өзіне қажетті әдіс-айла, тәсілдер үйренеді. Сондықтан жасөспірімдер арасында осындай жарыстар жиі ұйымдастырылу керек деп ойлаймын. Осы орайда жан-жақтан келіп, жарысқа қатысып жатқан әріптестерімізге алғыс айтамын, – дейді Самар балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Жандос Серікұлы.


Следующая →