Тіл мен тарихты білетіндерге ғана Қазақстан азаматтығы беріледі
Қазақстанда азаматтық алу үшін қойылатын талаптар белгіленді

Тиісті бұйрыққа ғылым және жоғары білім министрі қол қойды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі Tengritravel.kz ақпаратына сілтеме жасап.
Қазақстан Республикасы азаматтығына қабылдау немесе Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру кезінде мемлекеттік тілді қарапайым деңгейде білу деңгейі кемінде 36 (отыз алты) балл, Қазақстан Республикасы Конституциясының негіздері кемінде 9 (тоғыз) балл, сондай-ақ Қазақстан тарихы кемінде 15 (он бес) балл болып бекітілсін, - делінген құжатта.
Бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.