Күршім мен Самар аудандарының арасын жалғайтын "Ертіс" паромы істен шықты
Өткелде "Одесса" моторлы кемесі белгіленген кесте бойынша қалыпты режімде жұмыс істейді
Паром таңғы сағат 7.00-ден 14.00-ге дейін уақытша тоқтайды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
"Ертіс" паромының істен шығуына байланысты 15 қазан сағат 7.00-ден 14.00-ге дейін "Қызыл Ту" паром өткелінің жұмысы тоқтатылды. Қазіргі уақытта жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде, - деп хабарлайды ШҚО жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы. - Жұмысты қалпына келтіру туралы ақпарат кейінірек хабарланады.
Өткелде "Одесса" моторлы кемесі белгіленген кесте бойынша қалыпты режімде жұмыс істейді.