"Аңсаған сәби" бағдарламасы бойынша 8 мыңға жуық бала өмірге келді
Демографиялық жағдайды жақсарту үшін 2021 жылдан бастап Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстанда "Аңсаған сәби" бағдарламасы жүзеге асырылуда
Осы бағдарламаның шеңберінде 8 мыңға жуық көптен күткен бала дүниеге келді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ақпаратына сүйеніп.
Әйелдердің денсаулығын нығайту және профилактикалық тексерулермен, прегравидалық даярлықпен және контрацепциямен қамтуды арттыру үшін "Аналар саулығы"бағдарламасы іске асырылуда. Сондай-ақ Қазақстанда алғаш рет жүктілікке прегравидарлық дайындық жүргізу бойынша клиникалық хаттама бекітілді, онда халықаралық ұсынымдар ескерілді, - деп атап өтті Денсаулық сақтау министрлігінің Ана мен бала денсаулығын сақтау департаментінің директоры Мағрипа Ембергенова.
Жүкті және босанғаннан кейінгі әйелдерге еліміздің 240 перзентханасында медициналық көмек көрсетіледі, 9 мыңнан астам төсек орналастырылған, оның 43%-ы әйелдерді ауылдық деңгейде қабылдайды.