Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскеменде қос ауданның мәдени күндері өтті

Өскеменде "Туған жер – алтын бесігім" жобасы аясында Катонқарағай және Үлкен Нарын аудандарының мәдени күндері өтті

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскеменде қос ауданның мәдени күндері өтті
Фото:
Устинка LIVE/В. Иванов

Екі күнге жоспарланған бағдарламаның алғашқы күні аудан өнерпаздарының ән кеші, келесі күні ауылшаруашылық жәрмеңкесі ұйымдастырылды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

В. Иванов

Қос ауданның өнерпаздарының қатысуымен "Ертіс концерт" залында гала-концерт өтті. Концерт көруге келгендердің қарасы көп, залда ине шаншар орын болмады. Гала-концертте өңірдің талантты ұл-қыздарынан бөлек, композитор, этномузыкант Еділ Құсайынов пен Х-Фактор жобасының жеңімпазы Мирас Ерболов өнер көрсетті. Гала-концертті ШҚО әкімі Ермек Көшербаев та тамашалады.

В. Иванов

Өздеріңіз білетіндей, былтыр Мемлекет басшысының жарлығымен Үлкен Нарын ауданы құрылды. "Туған жер – алтын бесігім" жобасына биыл алғаш рет қатысып отырмыз. Шараға келушілердің көптігі бізді ерекше қуантты. Оның ішінде аудан тумалары да бар. Жәрмеңкеде де барлық өнімдерімізді тиімді бағада ұсынбақпыз, - деді Үлкен Нарын ауданының әкімі Елдос Жанболатұлы.

Концерт алдында өскемендіктер назарына екі ауданнан әкелінген тарихи-мәдени жәдігерлер, қолөнер бұйымдары мен суреттердің көрмесі ұйымдастырылды. Катонқарағайлықтар келген қонақтар жаңа қайнатылған құрттан дәм татқызды.

В. Иванов

Мұнымен шектеліп қалмай, аудан атынан "Үміт" балалар үйіне қайырымдылық мақсатында барып қайттық. Тәрбиеленушілерге өзімізден шығатын өнімдерді табыс еттік, - деді Катонқарағай ауданының әкімі Данияр Дюсембаев.

Мәдени күндердің жалғасы ауылшаруашылық жәрмеңкесі мен аудан әкімдерінің жүлдесі сарапқа салынатын футболдан ашық турнирге ұласты.

Следующая →