Қазақстаннан Австрияға тікелей рейс ашылады
Тікелей рейс 2025 жылдың көктемінде іске қосылады деп күтілуде
Бұл туралы Қазақстан-Австрия Іскерлік кеңесінің 9-шы отырысында белгілі болды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
ҚР Көлік Вице-министрі Талғат Ластаев бастаған қазақстандық делегацияның құрамында СКАТ авиакомпаниясының Вице-президенті Владимир Сытник пен ҚР Австриядағы елшілігінің өкілдері Австрияның туризм жөніндегі мемлекеттік хатшысы Сюзанна Краус-Винклер және Вена әуежайының бас директоры Юлиан Йегермен кездесу өтті.
Кездесулер барысында Қазақстан мен Австрия арасында 2025 жылдың көктеміне жоспарланған СКАТ әуекомпаниясының аптасына 2 рет жиілікпен тікелей рейсін ашу, сондай-ақ туризмді дамытуды визалық қолдау мәселелері талқыланды.