Өскемен
малооблачно
+20°
  • Өскемен
    +20°
  • Алматы
    +22°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +6°
  • Актау
    +18°
  • Орал
    +18°
  • Қарағанды
    +12°
  • Көкшетау
    +1°
  • Қостанай
    -2°
  • Қызылорда
    +19°
  • Павлодар
    +8°
  • Петропавловск
    -3°
  • Тараз
    +16°
  • Туркестан
    +8°
  • Шымкент
    +18°
$
487.37
532.94
¥
68.96
5.09
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскеменнен Ресейге ұшатын әуе рейстерінің кестесі өзгереді

Новосібірге аптасына екі рет, ал Мәскеуге аптасына бір рет ұшақ ұшады

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскеменнен Ресейге ұшатын әуе рейстерінің кестесі өзгереді
Фото:
instagram/airport_oskemen

Бұл өзгерістер қазан айының соңында енгізіледі, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

26 қазанға дейін Новосібірге дейінгі рейстерге QAZAQ AIR және S7 Airlines әуекомпаниялары қызмет көрсетеді. Мәселен, QAZAQ AIR әуекомпаниясымен қатынаушылар сәрсенбі және жексенбі күндері ұшады. Ал S7 Airlines әуекомпаниясы сейсенбі және сенбі күндері осы бағытта ұшады, - деп хабарлады "Өскемен әуежайы" АҚ. - 27 қазаннан бастап Новосібірге тек қана S7 Airlines әуекомпаниясы ғана ұшатын болады. Бұл әуекомпаниясы аптасына екі рет: сәрсенбі және жексенбі күндері ғана екі ел арасында қатынамақ.

Сондай-ақ, 27 қазаннан бастап Мәскеуге ұшатын рейстер қысқы кестеген көшеді.

Бүгінгі таңда Мәскеуге ұшақтар аптасына екі рет ұшады (сәрсенбі, жексенбі күндері).
27 қазаннан бастап қысқы кестеге көшетіндіктен Мәскеуге ұшақ аптасына бір рет қана ұшады (қараша айының 2-сі және 9-ы сенбі күндері).

Бұдан кейін Мәскеуге ұшатын әуе рейстері авиакомпанияның өндірістік қажеттіліктеріне байланысты уақытша тоқтатылады және 24 желтоқсаннан бастап әр аптаның сейсенбі күндері әуе рейстері қайта іске қосылады, - деп ескертті "Өскемен әуежайы" АҚ.

Следующая →