Өскемен
ясно
-12°
  • Өскемен
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Жыл соңына дейін шетелден алма әкелуге тыйым салынды

Ағымдағы жылы елген шамамен 107, 3 мың тонна алма импортталған

Новости Казахстана / Жыл соңына дейін шетелден алма әкелуге тыйым салынды
Фото:
pexels.com

Енді отандық алма өндірісін қолдау және отандық өнімді өткізу үшін егін жинау кезеңінде алма импортына тыйым салынды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ҚР АШМ ақпаратына сүйеніп.

Қазақстанда бау-бақша шаруашылығын, отандық алма өндірісін дамыту үшін субсидиялар, жеңілдікті кредит беру түрінде мемлекеттік қолдау шаралары қабылдануда. Қабылданған шаралардың нәтижесінде соңғы 5 жылда алмамен қамтамасыз ету 62,9%-дан (2019 ж.) 80% -ға (2023 ж.) дейін өсті.

Сонымен қатар, фермерлер импорттық өндірушілер тарапынан демпингке ұшырауда, жоғары бәсекелесттік импорттық өнім отандық өндірушілердің рентабельділігін төмендетеді.

Егін жинау кезінде алма импорты қатар жүріп жатқанда қазақстандық бағбандар өнімдерін өткізе алмай қиналады.

2024 жылдың 7 айында шамамен 107, 3 мың тонна алма импортталды (2023 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 58% -ға өсті). Негізгі импорт Польша, Иран, Өзбекстан, ҚХР-дан жүзеге асырылады. Бұл ретте импорттың өсуі Қытайдан импорттың 18 есе және Ираннан 7 есе импорттық өсуімен байланысты, - деп хабарлады ҚР АШМ. - Осыған байланысты отандық алма өндірісін қолдау және отандық өнімді өткізуді қамтамасыз ету мақсатында Сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейін автомобиль көлігімен үшінші елдерден алма (СЭҚТН коды: 080810) әкелуге тыйым салуды енгізуді мақұлдады.

Алма әкелуге тек егін жинау кезеңінде ғана тыйым салынатынын ескере кеткен жөн. Маусымаралық кезеңде алма импорты шектелмейді.

Шектеу ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерден алма әкелуге және Қазақстан аумағы арқылы халықаралық алма транзитіне әсер етпейді.

Бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілді.

Следующая →