Ертең үлкеннарындықтар Өскеменде тегін медициналық тексерістен өтеді
ШҚО көпсалалы онкология және хирургия орталығы шалғай ауыл тұрғындарын чекап-тексеруден өткізуді жалғастырады

Ертең, 5 қазанда, Үлкен Нарын ауылының тұрғындары келеді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Чекап зерттеулеріне гинекологтың, маммологтың тексеруі, жалпы қан анализі, маммография және өкпенің төмен дозалы КТ, көрсеткіштер бойынша - сүт бездері мен жамбас мүшелерінің ультрадыбыстық зерттеуі кіреді. Ауыл тұрғындары барлық зерттеулер мен тексерулерден жылдам - 1-2 сағат ішінде өтеді.
Науқастарды қабылдау сағат 10.00-де басталады.
Орталық мекенжайы: Потанин к-сі, 6, 2-корпус (стационар), артқы жақтағы есіктен кіру.