Өскемен
ясно
-9°
  • Өскемен
    -9°
  • Алматы
    -4°
  • Астана
    +1°
  • Ақтөбе
    -10°
  • Актау
    +3°
  • Орал
    -5°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -2°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -7°
  • Петропавловск
    -2°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    -10°
  • Шымкент
    +3°
$
524.02
+1.39
545.19
-3.47
¥
71.82
+0.08
5.09
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемендегі дүкенде Орталық Азия тасбақалары заңсыз сатылған

Ол туралы полицияға жергілікті тұрғындардың бірі жеткізген

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскемендегі дүкенде Орталық Азия тасбақалары заңсыз сатылған
Фото:
ШҚО ПД

Табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері сатуға рұқсат қағазы жоқ 3 тасбақаны анықтады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Полицияға жергілікті тұрғыннан үй жануарлары дүкендерінің бірінде бауырымен жорғалаушыларды ұстауға қатысты заң бұзушылық фактісі бойынша хабарлама келіп түскен. Табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері дүкенде тексеру жүргізіп, онда сатушылардың ұстауға және сатуға рұқсаты жоқ үш ортаазиялық тасбақаны тәркілеген, - деп хабарлады ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Ортаазиялық тасбақа осал түр ретінде Халықаралық табиғатты қорғау одағының қызыл тізіміне енгізілген, сонымен қатар жойылып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенциямен (СИТЕС) қорғауға алынғанын айта кету керек.

Аталған факті бойынша дүкен иесіне қатысты "жабайы жануарлар мен өсімдіктердің түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз алу, өткізу, тасымалдау, әкелу, әкету, сақтау (ұстау)" бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Материалдар әрі қарай тергеу жұмыстарын жүргізу үшін Шығыс Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі инспекциясына берілді, - делінген хабарламада.

Следующая →